Бұл мақал бүгінде шындыққа айналды. Қазақстандық туристер яхтада фейерверк атып, Грекиядағы аралды өртеп жібергені туралы жазып БАҚ басылымдары шулап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Грекияның Гидра аралында 13 қазақстандық турист жағалауда тұрған яхтадан отшашулар атып, ауқымды орман өртін тудырды, деп хабарлады ProNews порталы. Жұма күні кешке отшашу атылған чартерлік яхта да тәркіленді.
Оқиға 21 маусым күні кешкісін Агиос Николаос жағажайында туристер жалға алған яхтада болған. Олар құрлыққа қарай отшашулар атып, нәтижесінде жағадағы қарағайлы орман өртке оранған.
«Олар не істегендерін түсінген кезде, өртті сөндіруге тырысты, сосын өрт өршігенде, олар жай ғана өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, өздері қашып кеткен», — делінген материалда.
Грекиядағы өртке себеп болған отшашуды атқан туристер арасында Данияр Әбілғазин де бар. Бұл туралы Қазақстанның құқық қорғау органдарына қарасты «Чемодан госсекретов» телеграм-каналы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Яхтаны жалға алған Әбілғазин екен. Әзірге Грекияның Ішкі істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне біздің сауалымызға жауап алған жоқпыз. Бірақ егер жалға алушының аты-жөні расталса, онда қазақстандық туристер заңгерлермен және келтірілген шығынды өтеумен қиындық көрмеуі керек» делінген.
Данияр Әбілғазин Тимур Құлыбаевтың серіктесі және 380 миллион долларға бағаланған байлығымен отандық Forbes тізімінде 21-орынға ие.
Қазақстанның атын шығарған тағы бір оқыс оқиға. Италияның ежелгі Помпей қаласына турист болып барған қазақстандық, тарихи ғимаратқа ALI деп атын жазып кетіпті. Енді вандализм үшін қораға кіріп жатыр.
«Туристер молодцы. Атымызды шығаруда. Енді бір топтық төбелес қана жетіспей тұр», — деп пікір білдірді журналист Оңғар Қабден.