Туристерді тентіреткен «Трэвелсистем» басшысы ақша беріп түрмеден құтылды
Мыңдаған туристі тентіретіп жіберген «Трэвелсистем» компаниясының директоры кепіл ақшамен бостандыққа жіберілді. 4 ай бойы шетелде бой тасалап келсе де Роман Хан тұтқындалмай, жауап алынған соң Алматыдағы зәулім үйіне қайтқан. |
Турфирма басшысының үстінен тек оңбай алданып қалған турагенттіктер шағым түсірген екен. Ал Қара теңізде қаңғырып қалған мыңдаған демалушылардың әлі бірде-бірі арызданып үлгермепті. Осыны ұтымды пайдаланған кәсіпкер кепілдік ақша төлеп, абақтыдан сытылып кеткен. Ал сан соғып қалған 18 фирманың шығыны әзірге 27 миллион теңге делініп отыр. Десе де тергеушілер бұл соманың әлі де өсе түсуі мүмкін екенін айтады. Қазір «Тенгри Трэвелсистем» және «Трэвелсистем» деген екі бірдей турфирмаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Екеуі де Роман Ханға тиесілі. Бірі әуе билеттерін саудалаумен, енді бірі жолдамаларды тараумен айналысқан.
Руслан Сағымбаев, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі:
-Жеке тұлғалардан Роман Ханға қатысты әлі ешқандай шағым түскен жоқ. Тек шығын көрген турагентттіктер арызданды. Сол себепті заңда қарастырылған баппен «Трэвелсистем» басшысы кепілдікпен босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін