Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады

Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады

Түркі академиясы түркі халықтарына ортақ география мен әдебиет оқулықтарының жалпы нұсқасын дайындады. Бұл туралы бүгін Түркі кеңесі Білім министрлерінің 4-ші отырысында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мәлім етті.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 632
Фото - Caravan.kz


«Ғылым мен білімдегі бүгінгі әріптестік түркі әлемін болашаққа бастайды деген үміттеміз. Біз Түркі кеңесінде және Мемлекет басшыларының саммитінде қабылданған шешімдерді өз қал-қадірімізше орындауға тырысып жатырмыз. Бұл орайда, Ортақ түркі тарихы, Ортақ география және ортақ әдебиет оқулығына байланысты жұмыстар жүргізілді», — деді ол. 

Сонымен қатар ол бағдарлама қабылданған жағдайда оқулықты бастауға дайын екендіктерін атап өтті.

«Қазіргі уақытта оның жалпы нұсқасы дайын. Сондықтан академияның жұмысына қолдау көрсеткен құрылтайшы мемлекеттердің барлығына рахмет айтамыз. Білім министрліктері біздің ғылыми кеңестің мүшелері болғандықтан жалпы Түркі академиясы түркі әлеміндегі ғылыми жобаларды, басқа да бастамаларды өздеріңіздің қолдауларыңызбен әрі қарай жүргізуге әзір», — деді Д.Қыдырәлі. 

null null

Соңғы жаңалықтар