Түркі Парламенттік Ассамблеясы құқықтық комиссиясының ІІІ кеңесі Қазақстан астанасында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі Парламенттік Ассамблеясы құқықтық комиссиясының ІІІ кеңесі Қазақстан астанасында өтеді

Түркі Парламенттік Ассамблеясы құқықтық комиссиясының ІІІ кеңесі Қазақстан астанасында өтеді

Дүйсенбі күні Бакуде Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) құқықтық комиссиясының екінші отырысы ашылды.

  • 6 Қараша 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Екікүндік отырыс барысында «ТүркПА-ға мүше-елдер парламенттерінің регламенттері және депутаттардың өкілеттіктері» және «ТүркПА-ға мүше-елдер арасында заңнама мәселелері бойынша ықпалдастық» тақырыптары бойынша есептер мен ұсынымдар талқыланатын болады.

Түркия Ұлы ұлттық жиналысының депутаты Халук Ипек төрағалық ететін Комиссияның жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Түркияның парламентарийлері мен ТүркПА хатшылығының қызметкерлері қатысуда.

Қазақстан атынан аталмыш іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров қатысуда.

ТүркПА құқықтық комиссиясының ІІІ отырысы Қазақстан елордасы Астанада өтетін болады. Бұл туралы шешім 5 қараша күні комиссияның ІІ отырысында қабылданды. Отырыс соңында баяндама әзірленді. Бұл құжат ТүркПА-ның Анкарада өтетін кезекті IV пленарлық отырысы барысында талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар