Түркіменстан мемлекеттік арналарды қаржыландыруды тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан мемлекеттік арналарды қаржыландыруды тоқтатады

Түркіменстан мемлекеттік арналарды қаржыландыруды тоқтатады

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары мен радио станциялары бұдан былай бюджеттен қаржыландырылмайды.

  • 12 Шiлде 2017
  • 282
Фото - Caravan.kz

Түркіменстан президентінің 7 шілде күнгі жарлығына сәйкес, теле-радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетті шаруашылық есепке аударған. 2018 жылдан бастап бұл саланы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылу біртіндеп тоқтатылады.

Үкіметтің шешімі бойынша, теле-радио хабар тарату жүйесі жарнама арқылы түскен табыстан өз шығындарын, өздері жабады.

Қазіргі уақытта Түркіменстанда мемлекеттік "Алтын Асыр", "Яшлык", "Мирас", "Түркіменстан", "Ашхабад", "Түркімен овазы" "Түркіменстан спорт" деп аталатын 7 телеарна және "Чар тарапдан", "Мирас", "Оваз" және "Ватан" деп аталатын 4 радио канал жұмыс істейді. Бұлардың бәрі мемлекет тарабынан қаржыландырылады.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналарындағы бағдарламаларды ел президенті қазіргі дамуға сәйкес келмейді деп бірнеше рет сынаған.


Соңғы жаңалықтар