Түркіменстан астанасында тауық жұмыртқасы тапшылығы байқалады. Жергілікті тұрғындар мұны азық-түліктің қымбаттауымен байланыстырады.
“Базарда тағам өнімдері күннен күнге қымбаттап жатыр. Оның үстіне свет, газ және суға коммуналдық төлем қызметтері өсті. Бұл жағдайда елде жұмыртқа ең қолжетімді тағам еді”, — дейді Ашхабад тұрғыны.
Бір апта ішінде астана базарларында жұмыртқа бағасы бірнеше есеге өскен. Желтоқсан айының басында Ашхабад базарларында бір жұмыртқа 40 теңгеге сатылған. Ал қазір бір данасы 60-65 теңге тұрады (3.5 маната — 1 АҚШ доллары).
Ішкі істер министрлігіндегі дереккөз азық-түлік бағасының өсуін облыстық нөмірі бар көліктердің Ашхабадқа кіруіне шектеу қойылғанымен түсіндіреді.