Түркіменстанда қамауға алынған отандастарымыз сот шешімін күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанда қамауға алынған отандастарымыз сот шешімін күтуде

Түркіменстанда қамауға алынған отандастарымыз сот шешімін күтуде

Түркіменстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп қамауға алынған 7 отандасымыздың тағдыры әлі шешілер емес. Ал бірер күндікте осы іс бойынша сот отырысы өтпек. Онда жерлестерімізге қатысты нақты шешім шығарылуы тиіс.

  • 14 Қараша 2012
  • 367
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, 19 қазанда Жетібай аудандық көші-қон полициясының 4 қызметкері келімсектерді құрықтаймыз деп жолға шығып, кейін адасып қалған-ды. Тәртіп сақшылары жолшыбай осындай жағдайға душар болған 3 аңшыны кезіктіреді. Барлығы бірігіп бағыт сұрамақ боп алғаш назарға іліккен әскерилерге жолыққан. Бәлеге ұрынғандарын сонда бір-ақ біліпті. Жөн сұрауға барғандары түркмен шекарашылары екен. Сол жерде бәрінің қолына кісен салынған. «Шекараны заңсыз кесті және қару-жарақ тасымалдады» деген айыппен. Еліміздің сыртқы істер министрлігі бауырлас мемлекеттің құзырлы органдарына наразылық нотасын жолдап, қамаудағы азаматтарымызды босатуды өтінгенімен келіссөздер нәтиже бермей отыр. Енді сот шешімін күтуге тура келеді.

Соңғы жаңалықтар