Түркіменстанда қолға түскен қазақстандық полицейлер туралы жаңа мәлімет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанда қолға түскен қазақстандық полицейлер туралы жаңа мәлімет

Түркіменстанда қолға түскен қазақстандық полицейлер туралы жаңа мәлімет

Қызмет бабында жүріп Түркіменстан аумағынан бір-ақ шыққан Маңғыстау көші-қон полициясының төрт қызметкері адасып кеткен.

  • 25 Қазан 2012
  • 770
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Қайрат Өтебай мәлім етті.

«(…) заңсыз мигранттарды анықтау мақсатында көші-қон полициясының төрт қызметкері іс-сапарға жіберілген болатын. 19-қазан күні таңғы сағат онда олар бізбен байланысып, Болашақ станциясына жеткенін хабарлаған болатын.
Әрі қарайғы жолды оларға шекарашылар сілтеген. Болашақ станциясы мен полицейлер бетке ұстаған Бөгет станциясының арасы 70 шақырым. Шекарашылардың сілтеуі бойынша жолға шыққан полицейлер ешбір белгі болмағандықтан адасып кеткен. Сөйтіп олар Түркіменстан шекарасын кесіп өткен», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.
Қ.Өтебайдың айтуынша, жолда полицейлерге Қазақстанның үш азаматы қосылған. Жолай камуфляж киген адамдардан жөн сұрамақ болған жерде қолға түсіпті.
«Әзірге түркімен жағы біздің сұрақтарымызға жауап бермей отыр. Біз олардың қазір қай жерде, қандай күйде екенін білмейміз. Маңғыстау облысының ІІД осы мәселеге қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Біз полицейлердің түркімен шекарасына қарай кетіп бара жатқанын көрген қазақстандық шекарашылардың оларды неліктен тоқтатпағанын анықтаймыз», — деп атап өтті Қ.Өтебай.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркіменстанның СІМ-не осы мәселе жөнінде арнайы нота жолдағанын хабарлаған болатынбыз.
Қазір Қазақстан консулы Түркіменбашы қаласында отандастарымызбен кездесу үшін түркімен сыртқы істер ведомствосының рұқсатын күтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар