Ел президенті қаңтар айының басында елдегі ондаған әкімдер мен орынбасарларын қайтадан тағайындады. Елдегі аудандардың біріне әкім қызметіне үміткердің туысының айтуынша, бүгінде әкім мен оның орынбасарлары қызметіне үміткерлерді тек іріктеп алады.
«Аудан, қала аттары атының өзгеруіне байланысты жергілікті әкімдерді де қайта тағайындады. Үміткерлермен президент әкімдігінің арнайы адамдары жұмыс істеді. Үміткерлердің ішінде менің де туысым болды. Ең қызығы бәрін медициналық тексеруден өткізді. Сыртқы түр-тұлғаларына да аса көңіл бөлді», — дейді әңгімелесуші.
Әсіресе сырқты келбетке мән бергендіктен, шенеуніктердің дені арнайы диета ұстауларына тура келген.