ТҮРКІСОЙ елдері 2016 жылды Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТҮРКІСОЙ елдері 2016 жылды Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялады

ТҮРКІСОЙ елдері 2016 жылды Жүсіп Баласағұн жылы деп жариялады

Түрікмендік Мары қаласында 26-28 қараша аралығында 2015 жылы ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымымен жарияланған

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 796
Фото - Caravan.kz


«Мары — түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының жабылуына орай салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды ТҮРКІСОЙ ұйымының баспасөз қызметінен. 

ТҮРКІСОЙ тұрақты кеңесінің XXXIII отырысында түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері кездесті.
Әезрбайжанның мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысынан соң Тұрақты кеңес әзербайжандық көне Шеки қаласын 2016 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдады. Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов айтып өткендей, аталған елдің бастамасы бойынша 2016 жыл әлемге «Құтты білік» дастанын тарту еткен ұлы философ, ақын, энциклопедистің 1000 жылдығына орай Жүсіп Баласағұн жылы деп жарияланды. 
Қабылданған шешімге сай Тұрақты кеңестің 34-ші отырысы Әзербайжанда өтеді. ТҮРКІСОЙ-дың 34-ші уақытша үйлестірушісі болып Әзербайжанның мәдениет және туризм министрі Әбулфас Гараев сайланды. ТҮРКІСОЙ штандартын Аннагелды Гараджаевтың қолынан Әзербайжан Республикасының мәдениет және туризм министрі Вагиф Әлиев қабылдап алды. 
Отырыс соңында дәстүр бойынша бейнелеу өнері саласындағы ТҮРКІСОЙ сыйлығын табыстау салтанаты өтті, оны Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Григорий Эйдинов иеленді.
2
3
4
6

Перейти к новостям спорта