ТҮРКІСОЙ отырысында «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының шаралары тақыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТҮРКІСОЙ отырысында «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының шаралары тақыланады

ТҮРКІСОЙ отырысында «Астана 2012 - түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының шаралары тақыланады

Астанада 20 қыркүйекте 2011-2014 жылдарға Түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның (ТҮРКІСОЙ) бас хатшысы және алдағы кезеңде ТҮРКІСОЙ уақытша үйлестірушісін сайлайды.

  • 15 Қыркүйек 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 20-21 қыркүйекте Астанада ТҮРКІСОЙ мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің ХХІХ отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігі.

Бүгінгі таңда Ұйымның уақытша үйлестірушісі міндетін Қазақстан Республикасының мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед атқаруда.

Сондай-ақ «Астана 2012 — түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасын әзірлеу жөнінде ақпарат тыңдалады, отырыста хақас түркітанушысы Николай Катановтың 150 жылдығын мерекелеуге байланысты 2012 жыл — Катанов жылы болып жарияланады деп күтілуде.

ТҮРКІСОЙ негіздері 1992 жылы түркітілдес елдер мәдениет министрлерінің Ыстамбұлдағы бірінші кездесуінде қаланған болатын. 1993 жылы 12 шілдеде Алматыда -алты ел — Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы — «ТҮРКІСОЙ құру және оның қызметі ұстанымдары туралы шартқа» қол қойды.

ТҮРКІСОЙ ауқымында түркі тілдес мемлекеттер мәдениет және өнер қайратқакерлерінің қатысуымен ірі халықаралық шаралар (музыкалық және театр фестивальдері, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері, конкурстар, атаулы күндерге орай мерейтойлық салтанаттар өтеді, кітаптар мен күнтізбелер басылады) ұйымдастырылады.

Перейти к новостям спорта