Түркістан мектептерінде ыстық тамақтан үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға ноутбук әперіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан мектептерінде ыстық тамақтан үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға ноутбук әперіледі

Түркістан мектептерінде ыстық тамақтан үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға ноутбук әперіледі

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мектеп директорларымен қашықтан сапалы оқыту мәселесі бойынша дайындықтарын пысықтады. Онлайн байланыс кезінде әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдарды қарастырудың маңыздылығы талқыланды.

  • 22 Шiлде 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Талқылау барысында жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы мұғалімдердің күнделікті сабақ беруі мен OnlineMektep қашықтықтан оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарына енгізу, Youtube каналына озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын жүктеу мен оқушыларды техникалық құралмен қамтамасыз ету жағы пысықталып жатқаны айтылды. Сондай-ақ, ZOOM, Google Classroom, EduPage арқылы жұмыс жасау жолында дайындық барысы сөз болды. Сала мамандарының айтуынша, мектептерде карантин кезінде қарастырылған ыстық тамақ пен киім-кешектен үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға планшет пен ноутбук әперілмек.

«Биыл 1-11 сыныпқа 44 000-нан астам оқушы келер болса, оның 22 000-ға жуығы, яғни 9 000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биыл жаңа платформаға геймификация, яғни, оқыту процесін ойын техникасы арқылы іске асыру қарастырылуда. Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинап, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие бола алады», — дейді сала мамандары.

Одан өзге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқан 26 мектеп мен бір балабақшаның құрылыс барысы да жергілікті биліктің басты назарында.


Бүгінде Қ.Сәтбаев, №21, №24 және С.Рақыммов мектептерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталса, 6 мекемеде баяу жүріп жатыр. Өз кезегінде қала басшысы, жөндеуде әсіресе ішкі әжетхана жүйесі мен мектеп ауласын қоршауға басты назар қою қажеттігін айтты.

Айта кетейік, қаладағы 33 мектептің ішінде 28-інде ғана ішкі әжетханасы бар. Басқа мектептерде әжетхана қосымша салынып немесе модульді әжетханамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.