Түркістан облысында 128 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылымға шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында 128 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылымға шығады

Түркістан облысында 128 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылымға шығады

Түркістан облысында осы аптаның соңына дейін 22 түрлі дәрі-дәрмектің 128 мыңнан астам данасы дәріхана сөрелеріне сатылымға шығады. Ал, 20 шілдеден кейін Түркиядан облысқа 41 түрлі еуропалық сапасы жоғары дәрілік заттар жеткізіледі.

  • 16 Шiлде 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өңірде дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында өткен аптада Түркістан қаласына 136 түрлі 2 тонна дәрі-дәрмек жеткізілген. Ал, бүгін 20 млн теңгеге 140 түрлі дәрілік препараттар тасымалданған.

Сала мамандарының айтуынша, дәріханаға түскен дәрілер шекті бағамен сатылады. Бұл процесті құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, Nur Otan партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары, басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері және облыстық жастар ресурсы орталығының басшысы кіретін мониторинг тобы бақылайды.

Аталған дәрілер жергілікті әкімдіктермен меморандум жасасқан 153 дәріханаға таратылады. Аталған құжатта әкімдік пен дәріхана міндеттемелері айқын көрсетілген. Яғни, аудан-қала әкімдіктері медициналық заттар мен дәрілік препараттардың сатылымға шығуын үйлестіреді және бақылайды.

Дәріханалар медициналық заттар мен дәрілік препараттардың шекті бағасын ұстанады. Антибиотиктер мен антикоагулянттар дәрігер жазып берген рецепт бойынша ғана босатылса, өзге дәрілер де бір адамға екі данадан ғана сатылады. Дәріхана иесі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес сатылымдағы дәрілік заттың 41 атауы және шекті бағасы жазылған тізімді дәріханаға адам көзіне бірден түсетін жерге іліп қоюы тиіс.