Түркістан облысында 3 мыңға тарта жұмыс орны ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында 3 мыңға тарта жұмыс орны ашылады

Түркістан облысында 3 мыңға тарта жұмыс орны ашылады

Түркістан облысы әкімдігі мен Turkestan Invest мекемесі бірлесіп жалпы құны 615 млн АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды.

  • 26 Қазан 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Kazakh Invest ұлттық компаниясының өңірлік ди⁠ректоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәулетқожа Мамыровтың айтуынша, жоспарды іс жүзінде жүзеге асыру арқылы  өңірде 3 мыңға тарта  жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Ал, жыл соңына дейін құны 47,5 млн АҚШ долларын құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде жаңадан 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. 

«Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес жоспар жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысқа тиесілі. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын және алюминий және пластмасса бұйымдар шығаратын өндіріс орны бар. Одан бөлек, қосымша 10 шақты шетелдік инвесторды тарту бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Айта кететін жәйт, көптеген шетелдік компаниялар өңірге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр», — деді Дәулетқожа Мамыров.

Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде әлемнің дамыған 36 елі инвестиция құюға әлеуетті екені анықталған. Алайда, іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ сияқты елдерге басымдық берілген. Қазіргі таңда аталған елдерде қаржы көздерін тарту бойынша Kazakh invest өкілдіктері мен елшілердің арнайы инвестиция бойынша кеңесшілері жұмыс істеуде.