Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Чиновник" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл әкімінің орынбасары кешкі уақытта әйелімен бірге серуенде жүрген кезде кәмелет жасқа толмаған қыздың айқайын естиді. Полицияның мәліметінше, осы уақытта күдікті жәбірленушінің аузын жауып, тұншықтырып, оны зорлауға тырысқан. Сүйіндік Сейітжаппарлы күдіктіге қарай жүгірген, бірақ куәгерді байқаған ол қашып кетеді. Жәбірленушінің жағдайы екенін білген әкім орынбасары күдіктіні қуып жетіп, оны полиция қызметкерлеріне тапсырған.
Қазір күдікті қамауға алынды, оған қатысты "зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу істері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады.