Түркістан облысында банк қызметкері клиенттің несиеге алған ақшасынан пайда көріп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында банк қызметкері клиенттің несиеге алған ақшасынан пайда көріп келген

Түркістан облысында банк қызметкері клиенттің несиеге алған ақшасынан пайда көріп келген

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады

  • 6 Шiлде 2020
  • 83
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне бір миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады. Алайда арадан 1 жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан 1,5 миллион несие шығарып, 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан соң полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.​​​

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Нәтижесінде полицейлер күдікті жылдың басында осындай алаяқтық жасап ұсталып, жәбірленушілердің кешірім беруімен ісі қысқартылған адам екенін анықтады. Ол Түлкібас АПБ-не жеткізілді. Кінәсін толық мойындап отыр. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

​​​​Тергеу барысында күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтықтың жайттарына қатыстылығын анықтап, тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.