Түркістан облысында карантин күшейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында карантин күшейтілді

Түркістан облысында карантин күшейтілді

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 бұйрығымен аймақта шектеу шаралары күшейтіліп, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин қайта енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 18 Маусым 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Шешімге сәйкес, қаулы 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қояды және он төрт жасқа толмаған балалардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп жиналуға болмайды.

"Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, жағалауларда жүруіне тыйым салу. Қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, скверлердің, жағалаулардың, субұрқақтардың және азаматтардың басқа да демалыс орындарының жұмысын тоқтату шаралары жүргізіледі", — делінген құжатта.

Сонымен қатар, аптаның алты күні ішінде сағат 10-нан 17-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы шектеледі. Аптаның жетінші күні санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасау үшін олардың қызметі толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ, 10-нан 17-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектеулі болады