Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адаммен бірге келген 10 жолаушы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адаммен бірге келген 10 жолаушы іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адаммен бірге келген 10 жолаушы іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған жолаушымен келген автобус жолаушылары іздестіріліп жатыр.

  • 26 Наурыз 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұр-сұлтан қаласынан Жетісай қаласына (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі 646 FNB 13 автобуспен келе жатқан жолаушылар коронавирустық инфекцияға талдау жасау және одан әрі карантинге орналастыру үшін тұрғылықты жері бойынша 103 қызметке хабарласуы қажет немесе тіркелуі қажет", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 51 жолаушының 41-і табылды, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

Еске салайық, 24 наурыз күні кешке Шымкентте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы оқиғасы анықталды. 20 наурыз күні науқастың Нұр-Сұлтаннан автобуспен келгені белгілі. Қазіргі уақытта ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.


25 наурыздағы жағдай бойынша Шымкентте екі адам коронавирус жұқтырған. Бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 80-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар