Түркістан облысында жарты жыл бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында жарты жыл бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

Түркістан облысында жарты жыл бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

Былтыр қазан айында Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне аудандық мектеп-интернаттың меңгерушісі келіп, оқушы қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Арыз иесінің айтуынша, 14 жастағы бала кешқұрым интернаттан қашып шығып, сол кеткеннен қайтып оралмаған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 6 Наурыз 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

"Тәрбиешінің көмекшісі оқушының кешкі астан соң дәретханаға сұранып шыққанын айтады. Мән-жайды білген жергілікті полицейлер сол мезетте-ақ іздеуге кіріскен еді. Сол жұмыстар күні бүгінге дейін тоқтаған емес. Жедел топ тез арада баланың бар танысын аралап, баруы мүмкін деген жерлерді түгел тексеріп шықты", — деп хабарлады Polisia.kz.

Жоғалған баланы іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің және Түркістан облысы полиция департаментінің басқа да бөлімшелеріндегі жеке құрам түгел жұмылдырылды.

Сөйтіп арада бес ай уақыт өткенде түлкібастық полицейлер қызды Шымкент қаласынан тапты. Қазір оқушы ата-анасының қасында. Өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.


Ол осы уақытқа дейін Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін айтады. Қазір полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ балалармен жиі қарым-қатынас жасау, олардың мәселелерімен танысып, қамқорлық жасауға кеңес береді.  

Соңғы жаңалықтар