Түркістан облысында жеңгетай мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында жеңгетай мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды (ВИДЕО)

Түркістан облысында жеңгетай мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды (ВИДЕО)

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының тұрғындарының бірі жеңгетайлықпен айналысатыны туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. 

  • 8 Қараша 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі әйелді ұстады. Олардың екеуі де Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты, біреуі профилактикалық есепте тұрады. 
Аталған сезікті әйелдер жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен айналысқан. Содан жеңіл жүрісті қыздарды баспана, тамақпен қамтамасыз етіп, оларға клиенттер іздеген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін жіберілген екі жеңіл жүрісті қызды анықтады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша тіркелді. Заттай дәлелдемелер ретінде күдіктілерден ақшалай қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта жеңгетайлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Соңғы жаңалықтар