Түркістан - Сексеуіл бағытымен шыққан поездың ішінде өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан - Сексеуіл бағытымен шыққан поездың ішінде өрт болды

Түркістан - Сексеуіл бағытымен шыққан поездың ішінде өрт болды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркістан - Сексеуіл бағытымен жүріп бара жатқан поездың ішінде өрт шықты, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Мамыр 2008
  • 713
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №20 разъезінде 19 мамырда 14 сағат 20 минутта Түркістан — Сексеуіл бағытымен шыққан № 615 жолаушы поезі тепловозының қозғалтқышының поддонында өрт шықты.

«Тепловоз поездан бөлінгеннен кейін, өрт поез машинистерінің күшімен 14 сағат 40 минутта сөндірілді. Поез қозғалысы 29 минутқа тоқтатылды», деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті