Жарияланды: 480

Түркістан театрының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Түркістан драма театрының директоры, бас есепшісі мен кассирінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Эколномикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы полициясы жүргізген тексерулдердің барысында театр директорының бас есепшімен ымыраласу арқылы 2005 - 2008 жылдар аралығында театр қызметкерлерінің атынан басқа облыстар мен қалаларға гастрольдерге барды-мыс деп жалған ведомость жасап келгені анықталды. Сондай-ақ, олар мәдениет үйлерін жалға алу шарттарын да қолдан жасаған. Соның нәтижесінде олар 5 млн жуық теңгені ұрлаған. Бұған қоса театрда жалған адамдарға ақша есептеліп келген. Белгілі болғанындай, өзінің қызметтік құзыретін пайдаланған театр директоры 2006-2008 жылдар аралығында бас пайдасы үшін театрда іс жүзінде жұмыс істемеген бес қызметкерге 2,5 млн теңгеден астам қаржыны жалақы түрінде есептеткен", - делінген хабарламада. Қаржы полициясының мәліметінше, жалпы алғанда драма театрының басшылығы 23 млн астам теңге бюджет қаржысын иемденіп алған немесе талан-таражға салған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Түркістан аймақтық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері драма театрының директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы мен 314-бабы бойынша қозлған қылмыстық істерді және осы театрдың есепшісі мен кассирінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеруде. Қазір алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін