Түркістан театрының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан театрының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан театрының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Түркістан драма театрының директоры, бас есепшісі мен кассирінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Эколномикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Қаржы полициясы жүргізген тексерулдердің барысында театр директорының бас есепшімен ымыраласу арқылы 2005 — 2008 жылдар аралығында театр қызметкерлерінің атынан басқа облыстар мен қалаларға гастрольдерге барды-мыс деп жалған ведомость жасап келгені анықталды. Сондай-ақ, олар мәдениет үйлерін жалға алу шарттарын да қолдан жасаған. Соның нәтижесінде олар 5 млн жуық теңгені ұрлаған. Бұған қоса театрда жалған адамдарға ақша есептеліп келген. Белгілі болғанындай, өзінің қызметтік құзыретін пайдаланған театр директоры 2006-2008 жылдар аралығында бас пайдасы үшін театрда іс жүзінде жұмыс істемеген бес қызметкерге 2,5 млн теңгеден астам қаржыны жалақы түрінде есептеткен», — делінген хабарламада.

Қаржы полициясының мәліметінше, жалпы алғанда драма театрының басшылығы 23 млн астам теңге бюджет қаржысын иемденіп алған немесе талан-таражға салған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Түркістан аймақтық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері драма театрының директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы мен 314-бабы бойынша қозлған қылмыстық істерді және осы театрдың есепшісі мен кассирінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істерді тексеруде. Қазір алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар