Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше кешқұрым болған.
«Аталған факт сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 105-ші бабы бойынша (өз-өзін өлтіруге итермелеу) іс қозғалды», — деді полиция өкілі.
Жігіттің әкесінің айтуынша, кеше кешқұрым аулаға шыққан ол баласының өртеніп жатқанын көрген. Өртті сөндіріп, ұлын ауруханаға алып келіпті. Сонымен қатар ол отбасында соңғы кезде жас жігітті өлімге итермелейтіндей жағдайлардың болмағанын айтады.
Полицейлер студенттің мұндай жағдайға бару себептерін анықтап жатыр.