Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті іздестірілуде

Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті іздестірілуде

Түркістанда бойжеткенді зорлауға оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 5 Қыркүйек 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан қалалық IIБ-ның кезекшi бөлiмiне қалаға оқуға келген студент қыз арызданған. Ол өзiн белгiсiз азамат зорламақ болғаны туралы хабарлаған. Аталған жайт ҚР ҚК «Зорлауға оқталу» бабы бойынша СДТБТ-не тiркелдi. Тергеушiлер сотқа дейiнгi тергеу жұмыстарын бастап кетті. Сараптама тағайындалды. Полицейлер күдiктiнiң түр-тұлғасын анықтап, оны ұстау шаралары жүргiзiліп жатыр»,-дейді Салтанат Қаракөзова. Белгілі болғандай, 24 жастағы бойжеткен Түркістанға зиярат етуге бармаған. Ол Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын болып шықты. Еске салайық, күні кеше Түркістан қаласындағы кесене маңында жас қызды зорлау оқиғасы тіркелген еді. Күдікті алдымен бойжеткеннің телефонын тартып алып, оңаша жерге сүйреп апарған. Сөйтіп арам ойын іске асырмақ болған. Киімін шешіп, зорлық көрсетпек болғанда жәбірленуші қашып құтылған. Оны көргендер тез арада полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртып, бойжеткенге медициналық көмек көрсетті.



 

Соңғы жаңалықтар