Түркістанда дәмханалар дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда дәмханалар дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр

Түркістанда дәмханалар дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр

Түркістан қаласының қоғамдық тамақтану орындары бірлесіп, карантин режимінде жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге кешкі ас таратуда деп хабарлады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • 30 Маусым 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz


Олардың қатарында, «Наурыз», «Damdi», «Аспан Аксарай», «Малика», «Dauly Food», «NurHouse», «Ноши Мадоти», «Нилуфар», «Каратау 2», «Симсим», «Айкен», «Мо-Мо», «Биг-маг», «Алькаусар», «Мансар» сынды тамақтану орындары бар.

Түркістандық кәсіпкерлер күнделікті 100-ге жуық дәрігерге ыстық тамақ жеткізуде. Облыс орталығында орналасқан мейрамханалар мен кафе ұжымдары бірлесе ұйымдастырған шараға дәрігерлер қауымы ризашылықтарын білдіруде. Адам жанының арашасы болған жандарға және жомарт кәсіпкерлерге қала тұрғындары да дән риза. Ұйымдастырушылар аталған шара жалғасын таба беретінін жеткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар