Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды

Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды

Түркістанда «Тойота Ленд Крузер» Прадо көлігі баланы қағып, мерт қылды.

  • 19 Қараша 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай күндіз сағат 12:30 шамасында болған. Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігімен жол көлік оқиғасын жасап, баланы жарақаттанған. Ауыр дене жарақатын алған бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345- бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде жүргізушінің ешбір құжатсыз көлік тізгіндегені анықталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізуші қамауға алынды. Көлік айып тұрағына жеткізіліп, полицейлермен барлық мән-жайлар тексерілуде», — делінген хабарламады.

 

Соңғы жаңалықтар