Түркістанда күйеубаласы үйіне ұрлыққа түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда күйеубаласы үйіне ұрлыққа түскен

Түркістанда күйеубаласы үйіне ұрлыққа түскен

Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны учаскелік полиция инспекторына арызданып, үйінің темір қақпасын ұрлап кеткенін жеткізеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ер адам жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол қайын атасының ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түсіп, қақпаны алып кеткен. 

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 165
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жақын аралықтағы темір алып-сататын орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Түркістан қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылды. Одан соң қақпаны жымқырған күдіктінің жеке басы анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Сондай-ақ күдікті ер адамның бұдан басқа 4 ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.