Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Қалалық саябаққа жақын Ерубаев көшесінде мемлекеттік нөмірдің орнына балағат сөз жазған Hyundai көлігін байқаған полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Тұрғынға қатысты Түркістан қаласының полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", — деп хабарлады полицейлер.
Қазіргі таңда автокөлік айыптұраққа қойылды.