Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Түркістан қаласының әкімшілігі ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық

  • 26 Тамыз 2014
  • 2089
Фото - Caravan.kz

мерейтойына орай, «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр. Бұл туралы бүгін «Айқын» республикалық газеті хабарлап отыр.

Жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы  2014  жылдың  10 қазанында Түркістан қаласының Халықаралық қазақ-түрік университінің Мәдениет сарайында өтеді. Мүшәйраны өткізудегі мақсат — Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай ақын — жазушының рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен   шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу болып отыр. Ескерте кететін бір жайт, мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Ол үшін жазба ақындар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған  екі өлеңін жіберуі керек. Мүшәйра ережесі бойынша бірінші өлең С.Ерубаевқа арнау, екіншісі, Түркістан туралы болуы шарт. Жас ақындар өлеңдерін А4 форматты қағазда  компьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады. Атап өтер бір жайт, шығармалар 8 шумақтан аспауы керек. Үміткерлердің шығармаларын қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Бағалау талаптары бойынша  жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықпен марапатталады.  Бірінші орын (біреу) -300,0 мың, Екінші  орын  — (біреу) 200,0 мың, Үшінші орын  (екеу)-150,0  мыңнан, арнайы жүлделер- (он) 20,0  х 10 д  —  200,0 мың.

Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың  22 қыркүйегіне  дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйіне тапсыруы тиіс. Ол үшін үміткерлер мынадай құжаттарын тапсыруы тиіс: Өтініші, шығармашылық мінездеме. Жеке куәлігінің көшірмесі, 9 х 14 түрлі-түсті  фотосуреті, Үй  және  ұялы  телефондары, шығармалары (2 дана). Мүшәйраға қатысушылар  құжаттарын төмендегі мекенжайға жіберулері тиіс: ОҚО, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №1 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі. Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,пошта:tur_madeniet@mail.ru.


«Қасиетті Түркістан топырағынан сыр шертіп, артына өшпес із қалдырған, жалындап өткен жас ғұмыр сәттар Ерубаев туралы жырлағыңыз келсе, мүшәйраға қатысқаныңыз абзал. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, арнайы кітапшаға енгізіліп, баспадан шығады», — делінген мақалада.

Перейти к новостям спорта