Түркістанда университетке «мина қойған» жалған лаңкесшілді іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда университетке «мина қойған» жалған лаңкесшілді іздестіруде

Түркістанда университетке «мина қойған» жалған лаңкесшілді іздестіруде

Түркістандағы Х. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) ғимаратына қойылған бомба жалған болып шықты. ОҚО ІІД лаңкестікпен күрес басқармасының қызметкерлері телефон лаңкесшілін табу үшін тексреу жүргізіп жатыр, деп Оңтүстік Қазақстан облыстық (ОҚО) ТЖ департамент баспасөз қызметінің бас маманы Арман Әсібеков мәлім етті.

  • 9 Маусым 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Ол ХҚТУ ғимаратына мина қойылғандығы туралы хабар ТЖ жергілікті басқармасына сәрсенбі күні 8:34-те түскенін еске салды. Бұл уақытта университет бөлмелерінде Кентау және Түркістан қалаларының бірнеше мектептерінің оқушылары ҰБТ тапсыруға кіріскен болатын. Оқушыларға тестілік тапсырмалар үлестіріліп жатқан.

«ТЖД мәліметтерінше, оқиға орнына екі машинамен 20 өрт сөндіруші, саперлер, медиктер, ҰҚКД қызметкерлері, полицейлер, прокуратурадан – барлығы 156 адам және 9 техника келіпті», — деді А. Әсібеков.

«Біз шұғыл түрде ғимараттан 724 адамды эвакуацияладық», — деді ТЖД баспасөз қызметкері.

Оқушылардың ата аналарының айтуынша, олардан тестілік тапсырмаларды шұғыл түрде жинап алып, оқушылардың өздерін болса – 650 адам, жақын маңдағы баққа орналастырып, олар бомбаны іздеу аяқталғанша сонда болды. Әкімшілік қызметкерлері оларды таңғы және түскі аспен қамтамасыз еткен.

«Іздестіру жұмыстары 14:10-да аяқталып, қопарылғыш зат табылмады, шалынған телефон жалған болып шықты», — деп түсіндірді А. Әсібеков.

«Білім және ғылым министрлігінің мамандарының шешімімен тестілеу 10-шы маусымға кейінге шегерілді», — деді ОҚО білім беру басқармасының бастық орынбасары Сәуле Жарқынбекова.

Соңғы жаңалықтар