Түркістанда жер комитетінің маманы пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда жер комитетінің маманы пара алғаны үшін ұсталды

Түркістанда жер комитетінің маманы пара алғаны үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері жер комитетінің маманын пара алып жатқан жерінен ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.

  • 13 Қаңтар 2005
  • 686
Фото - Caravan.kz

Түркістан жер комитетінің маманы жер учаскесін алуға құқық беретін құжаттарды тез арада рәсімдеп беру қызметінің пұлына 500 доллар көлемінде пара талап еткен.

2004-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері пара талап ету деректері бойынша 13 қылмыстық іс қозғады. Бес іс сотқа жолданды. Пара алғаны үшін ұсталғандар арасында сот үкімін орындатушылар, салық инспекторлары, ауыл әкімдері мен ІІМ қызметкерлері бар.