Оқиғаны куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, порталымыздың электронды почтасына жолдаған, деп жазады Sn.kz.
Видеоматериалдан медициналық нысанның үлкен бір бөлігі қызыл жалынға оранғанын байқауға болады. Әзірге зардап шеккендер мен құрбандар туралы нақты ақпарат жоқ. Оқиға орнына қала әкімі мен бірнеше өрт сөндіру станциясы келгені айтылуда.
Дегенмен өрт сөндірушілер ауруxананың өзі емес, жанындағы қораның өртенгенін мәлімдепті. Бірақ, оқиғаны бейнекамераға түсірген куәгер өртеніп жатқан ғимараттың "жындыxана" екеніне сенімді. Оның үстіне, қора өртенсе әкімнің жетіп келуі екіталай.
Айта кетейік, аталған аурухананың басына соңғы бірер жылдан бері үйірілген қара бұлт сейілер емес. Алдымен "жындыхана" аталып кеткен дәл осы мекемеде 2015 жылдың соңында 17 жастағы Маржан Тұрлыбаева есімді сап-сау бойжеткеннің мәжбүрлі түрде емделіп жатқаны анықталған еді. Прокуратураның араласуынан кейін былтыр Маржан бостандыққа шығарылған. Ал, араға көп уақыт салмай аталған ауруханадағы ондаған науқастың туберкулездің ашық түріне шалдыққаны белгілі болды.