Ол — «Түркістан өңірі» рухани және жаңа технологиялық кластерін құру» деп аталады. Жобаның авторы — Қазақстан ғалымдар одағының президенті, ҚР ҰИА академигі Оразалы Сәбден.
«Жаһандану, дағдарыс заманында ең қымбат, ең керегі — жаңа идеялар, дамудың жаңа жолдары. Біз рухани-мәдени дамуды алтыншы технологиялық тәртіппен үйлестіріп, бір үдеріс ретінде жүргізгенде ғана жана даму жолына түсеміз. Бұл жобаның мақсаты қоғамды ізгілендіруге, халықаралық қауіпсіздікке жаңа қадам жасау. Бұл менің өмірдегі ең қымбат, соны жаңалығым. Жобаның жалпы құны 8 миллиард долардан асады», — дейді О.Сәбден.
Жобаның желілік моделінде 5 бағыт қамтылған. Олар — Руханим астана «Түркістан»; Кентау технологиялық кластері; Жаңа ауыл кластері; Туризм кластері; Инфрақұрылым.
О.Сәбденнің айтуынша, оны жүзеге асыруға қажетті қаржыны Ұлттық қордан, халықаралық қорлардан, шетелдік инвестициядан, мемлекеттік бюджеттен, жеке тұлғалардан тартуға болады.