Түркістандық әйел көнерген қазақ сөздерінің білгірі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістандық әйел көнерген қазақ сөздерінің білгірі атанды

Түркістандық әйел көнерген қазақ сөздерінің білгірі атанды

Түркістандық әйел Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көнерген қазақ сөздерінің білгірі атанды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 1395
Фото - Caravan.kz

Өткен демалыс күндері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Көне қазақ сөздері» атты байқаудың қорытындысы шығарылды. Газетте қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтын 89 сөз жарияланған болатын. Олардың мәнін білу үшін сөздіктермен және тарихи анықтамалықтармен жұмыс істеу қажет еді. Оқырмандар арасынан ешкім де тапсырманы толық орындай алған жоқ. Тек Түркістан қалалық әкімшілігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Сәуле Шомпиева 87 сөздің түсініктемесін беріп, жеңімпаз атанды. Ол 13 мың теңгелік сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ байқау шеңберінде «Ең жас қатысушы» және «Басқа ұлт өкілі ретінде қатысушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар іріктелді.

Байқауға 156 адам қатысты. Мемлекеттік тілді насихаттау аясын кеңейту үшін ұйымдастырушылар осындай шараларды одан әрі жалғастыра бермек.

Перейти к новостям спорта