Түркістандықтар мемлекет басшысына ақ сәурік сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістандықтар мемлекет басшысына ақ сәурік сыйлады

Түркістандықтар мемлекет басшысына ақ сәурік сыйлады

Бүгін, 2-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының тұрғындары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ сәурік сыйлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 527
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бейсенбі күні мемлекет басшысының Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды. Сапардың алғашқы күні Мақтаарал ауданында болып, жергілікті мақташылармен кездесті. Бүгін Елбасының сапары Отырар ауданында жалғасты.

Түркістанда президент Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде болды.
Мемлекет басшысын қарсы алуға Түркістанның 5 мыңдай тұрғыны жиналып, оған Аққу атты ақ сәурік пен ақ шапан сыйлады.
Түркістандықтарға ризашылық білдірген Н.Назарбаев әрбір отбасына бақыт пен ырыс тіледі. Мемлекет басшысы өзінің ақпандағы халыққа арнаған жолдауының басты қағидаттарын қайтадан бір еске салып өтті. Денсаулық сақтау, білім беру және халықты жұмыспен қамту төңірегінде әңгіме өрбіді. «Мемлекет немесе жеке меншік құрылымның қайсысында жұмыс істемесін, адам ықтиятты еңбек етуге тиіс. Сол себепті балаларды қазірден бастап еңбексүйгіштікке баулу қажет»,- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта