"Түркістанэнерго" компаниясы аукционда сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түркістанэнерго" компаниясы аукционда сатылды

"Түркістанэнерго" компаниясы аукционда сатылды

21-ақпан, дүйсенбіде Шымкентте "Түркістанэнерго" компаниясының мүлкін сатуға бағытталған аукцион сауда өткізілді. Соның нәтижесінде мүлікті бұған дейін "Түркістанэнерго" компаниясын басқарушы "Оңтүстік жарық" ЖШС сатып алды. Бұл туралы "Оңтүстік жарық" ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Ақпан 2005
  • 643
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Түркістанэнерго»ААҚ 2004-жылдың маусым айында банкрот деп жарияланған. Қыркүйек айында ол «Қазақстанның коммуналдық желілері» АҚ-ның салалық бөлімшесі болып табылатын «Оңтүстік жарық» ЖШС-не сенімді басқаруға берілді. ол «Қазақстанның коммуналдық желілері» — «Энергоцентр-3» АҚ-ның қожайыны. Ал соңғысының құрамына Шымкент тұрғындарының 70 процентін жылумен қамтамасыз ететін 3-ші Жылу электр орталығы енеді. «Оңтүстік жарық» ЖШС-нің өзі Шымкент шина зауытын меншіктенетін республикалық «Ордабасы» корпорациясының құрамында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кеше «Ордабасы» корпорациясы басқармаларының төрағасы Дінмұхаммед Ыдырысовты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев қабылдады. Сұхбат барысында Д.Ыдырысов «Ордабасы» корпорациясының облыста бірнеше бағытта жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Д.Ыдырысовтың айтуынша, соңғы бес жылда 1 млрд. теңге көлемінде инвестиция жұмсап, энергетикалық кешенге қатысумен бірге корпорация Арыс көлік торабының төңірегінде кәсіпорындар желісін құруды көздеп отыр. Сондай-ақ, Шымкент шина зауытының негізінде резеңке өнімдер шығаратын кластерлік кешеннің іргетасын қаламақшы. Кластерлік кешен 2005-жылдың сәуір айының аяғында іске қосылады деп межеленген.

Перейти к новостям спорта