Түркістаннан Ташкентке автобус қатынай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістаннан Ташкентке автобус қатынай бастады

Түркістаннан Ташкентке автобус қатынай бастады

Түркістан қаласынан Ташкент қаласына алғаш рет халықаралық бағыттағы автобус қатынай бастады.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

"Ташкент-Түркістан" бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласынан жүре бастады, деп хабарлайды  өңірдегі тілшісі. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш рет "Түркістан-Ташкент" бағытындағы халықаралық автобус Түркістан қаласының "Алтын Орда" автобекетінен жүре бастаған. Бұл автобус жолаушыларды Өзбекстан астанасы Ташкент қаласының "Ташкент" автовокзалына дейін жеткізеді. 

"Халықаралық автобус бағытын ашудағы мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік қатынастарды нығайту. Автобус бағытын қазақстандық "Бақдәулет Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзбекстандық "Узавтотранс" мекемесі жүргізеді", — делінген хабарламада. 

Автобус бағытының жалпы қашықтығы  — 335 шақырым, жолға кететін уақыт – 6 сағат 40  минут. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Жол ақысы Түркістаннан 2 мың теңге болса, Ташкенттен 50 мың сом мөлшерінде. 


Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 15-і күні Шымкентте алғаш рет екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Онда туризм саласын дамытуға аса мән берілген.

Соңғы жаңалықтар