Түркітілдес халықтардың этникалық конкурста Арайлым Жүкенова 2-ші орынды иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркітілдес халықтардың этникалық конкурста Арайлым Жүкенова  2-ші орынды иеленді

Түркітілдес халықтардың этникалық конкурста Арайлым Жүкенова 2-ші орынды иеленді

Кеше Түркияның Силифке қаласында Түркітілдес халықтардың этникалық эстрадасы бойынша өткен халықаралық конкурста Қарағанды облыстық филормониясының жас әншісі Арайлым Жүкенова жүлделі 2-ші орынды иеленді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 724
Фото - Caravan.kz

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Силифке қаласының әкімшілігі ұйымдастырған конкурсқа Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан, Башкұртстан т.б. республикаларының жас таланттары қатысып, бірінші орынды (5 000 АҚШ доллары) әзірбайжандық Жәлел Аббасов, екінші орынды (4000 АҚШ доллары) қазақстандық Арайлым Жүкенова, ал үшінші орынды (3000 АҚШ доллары) қырғызстандық Құрал Жокоев иеленді. Сондай-ақ көзге түскен жас таланттарды қолдау мақсатында жарысқа қатысушыларға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мен Силифке қаласының әкімі Байрам Әли Өнгел ТҮРКСОЙ-дың арнайы сыйлығы мен қала басшылығының жүлделерін де берді.

Халықаралық жас өнерпаздар жарысына Қырғызстан консерваториясының ректоры Мұратбек Бегалиев, Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиева, Ғазы университетінің профессоры Незиһе Шентүрік, Кырым автономиясы Мәдениет министрінің орынбасары Ісмет Затов т.б. өнер және қоғам қайраткерлері сарапшылық жасады.

Қазақстандық жас әнші Арайлым Жүкенова қазақ елінің атынан табысты өнер көрсетіп, қала қонақтарын, бауырлас халық көрермендерін өз өнерімен тәнті етті.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бұл ірі шарасы да әдеттегідей түркілердің дәстүрлі өнерін насихаттап, мәдени ынтымақтастықты, түркі тілдес елдер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар