Түркия 2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға талпынбайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия  2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға талпынбайды

Түркия 2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға талпынбайды

Түркия 2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға талпынбайды,- деп хабарлайды түркиялық БАҚ-тар.

  • 20 Шiлде 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Анадолы» агенттігінің ақпаратына сәйкес, Түркия сыртқы істер министрі Абдулла Гүлдің таяудағы бір сұхбатында атап көрсеткеніндей, 2007-жылы Түркияда сайлау өткелі отыр, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау «қатаң жұмыс кестесіне бағынуды талап етеді». «Біздің пайымдауымызша, аталмыш ұйым аясындағы іс-қызметкер уақыт бөлуге біздің шамамыз жетпейтін шығар»,- деді министр.

Бұған дейін ішінде Армения бар бірнеше ел Түркияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауына қарсылық білдірген.
Қазақстандағы Түркия елшілігі KZ-today тілшісіне берген сұхбатында республиканың 2007-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау идеясынан бас тартқаны жөніндегі ақпаратты растады. Алайда, елшілік толыққанды ақпарат бере алмады. Олардың айтуынша, «бұл ақпарат олар үшін де жаңалық болған».

Перейти к новостям спорта