Түркия әскері сириялық екі ұшақты атып түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия әскері сириялық екі ұшақты атып түсірді

Түркия әскері сириялық екі ұшақты атып түсірді

Сирияда бір бірімен алакөз тараптар атыс-шабыстарын үдетіп жатыр.

  • 2 Наурыз 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы 24.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.

Қанды қасап секілденген Идлиб аймағында Түркия әскері сириялық екі ұшақты атып түсірді.

Ұшқыштар әуе көлігінен дер кезінде секіріп үлгерген. Қазір аймақта Башар Асад режимінің әскері мен оппозиция күштері оқты жерден де, көктен де жаудырып жатыр. Түркияның қорғаныс министрі Акар «Көктем қайнары» атты операция басталғалы бері 2 мың 212 сириялық жасақ, 103 танкі, 8 тікұшақпен басқа да әскери техниканың көзі жойылғанын хабарлады.

Дамаск 74 әскерінен айырылғанын айтады. Естеріңізге салайық, Идлиб провинциядағы ахуал ақпанның 27-сі күні күрт ушығып кетті. Оған аймақтағы 33 түркия әскерінің қазасы себеп болды. Қазір Башар Асад  режиміне Ресей билігі қолдау көрсетіп отыр.


Жақын арада Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин кездесіп, Идлиб мәселесін талқылайтын секілді. Ал наурыздың 5-күні Хорватия астанасы Загребте Сириядағы ахуалға қатысты алаңдаушылық білдірген Еуроодақ елдерінің министрлері де бас қоспақ.

 

Соңғы жаңалықтар