Жарияланды: 330

Түркия: автобус апатқа ұшырады, арасында шетел азаматтары бар

Түркияда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап 10 қаза тапты. Гиресун провинсиясында болған жол апатын жергілікті тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алыпты.

Жол жиегіндегі белгіге соғылған автобус бірден қызыл жалынға оранған. Ішіндегі 40 жолаушының 30-ы қашып үлгерсе, қалған оны тірідей жанып кетті. Қаза тапқандар арасында шетел азаматтары бар көрінеді. Ал аман қалған 20 жолаушының денелері айтарлықтай күйіп қалыпты. Барлығы дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Төртеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның болжамынша, апатқа автобус жүргізушісінің жолда қалғып кетуі себеп болған.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін