Жол жиегіндегі белгіге соғылған автобус бірден қызыл жалынға оранған. Ішіндегі 40 жолаушының 30-ы қашып үлгерсе, қалған оны тірідей жанып кетті. Қаза тапқандар арасында шетел азаматтары бар көрінеді. Ал аман қалған 20 жолаушының денелері айтарлықтай күйіп қалыпты. Барлығы дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Төртеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның болжамынша, апатқа автобус жүргізушісінің жолда қалғып кетуі себеп болған.