Жарияланды: 380

Түркия азаматын өлтіргендер ұсталды

Түркия азаматын өлтіргендер ұсталды

Үстімізгі жылдың шілде айында Астана қаласы Алматы ауданының ІІБ-не Түркия мемлекетінің азаматы Әли Узын үйінен жоғалып кетті деген арыз түскен болатын.

23 шілдеде Астана қаласының ІІД Әли Узынның жоғалып кету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғаған. 4 тамызда жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары М., Н. және А., ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Алдын ала тергеу барысында жоғарыда көрсетілген азаматтар өздерінің Түркия мемлекетінің азаматы Әли Узынды пайдакүнемдік мақсатта өлтіргендерін толық мойындады және олардың кінәсі тергеу жүзінде жинақталған заттай дәлелдемелермен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді. ҚР азаматтары М., Н. және А.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін 96-бабы 2-бөлігінің «ж,з,к» тармақтарымен, 179-бабы 4-бөлігінің «б» тармағымен және 324-бабы 2- бөлімімен айып тағылып, қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Астана қаласының прокуратурасына жолданды. Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық істің заңдылығы мен тағылған айыптың негізділігін тексеріп, айыпталушылар жоғарыда көрсетілген ҚР ҚК-нің баптарымен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Қазіргі таңда басты сот талқылауы өтуде, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Жандос Татиев

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін