Түркия Еуразия аймағы елдерімен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Еуразия аймағы елдерімен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Түркия Еуразия аймағы елдерімен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Бүгін, 18-наурызда Анкарада Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі Еуразия өңірінде жұмыс істейтін кәсіпкерлік ұйым жетекшілерінің жиналысын өткізбекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжандағы түрік іскерлерінің бірлестігінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Жиналысқа Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинада жұмыс істейтін түрік іскерлері бірлестігінің өкілдері қатысады.

Кездесуге қатысушылар Түркия мен аймақ елдері арасындағы экономикалық байланыстар, осы елдерде жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерінің алдағы мақсаттары мен жоспарлары, бірлестіктер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейту туралы пікір алмасады.
Жиналысқа Түркияның мемлекеттік министрлері Гюршад Тюзмен, Али Джошгун мен аталмыш елдердің Анкарадағы елшілері қатысады.