Түркия «Еуровидение-2013» байқауына қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия «Еуровидение-2013» байқауына қатысудан бас тартты

Түркия «Еуровидение-2013» байқауына қатысудан бас тартты

Түрік ән орындаушылары «Еуровидение-2013» байқауына қатыспайды. Байқауға қатысудан бас тартуға қазылар алқасы мен телекөрермендердің тең дәрежеде дауыс беру арқылы жеңімпаз таңдалатын кезде көрермендердің дауыстарының азаюы себеп болды.

  • 18 Желтоқсан 2012
  • 272
Фото - Caravan.kz


Сонымен бірге түріктер Еуропа ақпарат тарату одағының әріптестері саналатын ГФР, Франция, Ұлыбритания, Испания және Италия сынды мемлекеттердің өкілдері ақтық мәреге «әділетсіз» шығады деп шағымдануда.

Польша, Португалия, Босния және Герцоговина, Чехия, Люксембург, Лихтенштейн, Грекия, Кипр және Словакия мемлекеттері қаржыға байланысты байқауға қатысудан бас тартты.

Айта кетейік, әрбір мемлекет байқауға қатысу үшін шамамен 100 мың фунт сомасында қаражат төлейді. Қазіргі уақытта шведтің Мальме қаласында өтетін байқауға 39 мемлекет қатысуға өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, Мальме қаласында 664 мың тұрғын тұрады. «Еуровидение» байқауы бұл қалада екінші рет өтейін деп тұр. Біріншісі 1992 жылы өткен болатын.