Бұл туралы ол Instagram желісіне жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Түркияда соңғы екі үш айда жағдай күрт өзгеріп кетті. Инфляция болып көрмегендей ұшты. Баға күн санап артып барады. Пәтер бағасы ғарыштан бір шықты. Айлықты 20% ға көтерген шығар, бірақ азық түлік 50% ға, жылжымайтын мүлік 100% ға қымбаттады. Халық бақытсыз, агрессивті болып барады. Бұл ашуларының бәрін шетелдіктерден алады. Олардікі де дұрыс, бір жағынан елде 5 млн сириялық, 2 млндай ауғандық, 2 млн ирандық жүр. (ресми статистика) Балқан түбегінен, Ресейден, Украинадан келгендерді есептемегенде", — дейді ол.
Сондай-ақ, елдегі қиын ахуалдың әсерінен жергілікті халық шетелдіктерді ұнатпайтынын ашық білдіре бастаған.
"Ықтиярхат (ВНЖ) алуға кезекте отырсам, бір жігіт кеп елдеріңе қайтасыңдар ма, қаласыңдар ма деп сұрайды. Трамвайда сұрайды, автобуста сұрайды. Бәрі ашық сұрап кетті. Айтудан жалықпаймын:
— Дап дардай елім бар, кетем, тек оқуға келдім, — деп. Солай айтсам әңгімелері өзгереді.
— Ейвалла, ейвалла, кардешсің ғой, — деп. Қалам десем, теуіп тастамаса да, боқтап кететіні нақ. Ашық ұнатпай бастады, шетелдіктерді. Социологиялық заңды құбылыс деп ойлаймын.
Мына қымбатшылық қайда бара жатыр, білмей далмыз. Оқу арзан әрине, сапалы және оған сөз жоқ. Бірақ, пәтер ақысын айтам да, сәл 30-50 мың қоссаң Еуропа бағасына жетіп қалды. Ех…
Ердоғанның Таяу Шығыс сапарынан нәтиже аз болды-ау, біраз ақша сұрап келді, арабтар жәй бере сала ма. Әлбетте, жүрегіміз ауырады жақын ел, туысқан ел. Реттелсін хәл ахуалы деп отырмыз", — деп жазды Ернар Атаұлан.