Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық туралы бес жылдық жоспарға жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін - ҚР қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық туралы бес жылдық жоспарға жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін - ҚР қорғаныс министрі

Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық туралы бес жылдық жоспарға жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін - ҚР қорғаныс министрі

Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық туралы бес жылдық жоспарға жыл соңына дейін қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 18-желтоқсанда Астанада шетелдік мемлекеттердің Қазақстанда аккредитацияланған әскери атташелеріне арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев мәлімдеді.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Орталық Азия аймағында қалыптасқан геосаяси ахуалды ескере отырып Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға, халықаралық және аймақтық деңгейде сенім шараларын нығайтуға деген талап-талпынысын күшейте түсуде»,- деді ҚР қорғаныс министрі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, М.Алтынбаевтың пікірінше, «Қазақстанның әскери саладағы халықаралық ынтымақтастықты екі жақты негізде табысты дамыта түсуінің маңызы зор».

Қазір Қазақстан әскери салада Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия тәрізді алыс-жақын бірқатар шетелдермен тығыз ынтымақтастық орнатқан,- деді М.Алтынбаев. Атап айтсақ, Қазақстан осындай әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық туралы бес жылдық жоспарға Ресей және АҚШ-пен қол қойды.
Сондай-ақ, ҚР қорғаныс мекемесінің басшысы республиканың сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде еліміздің Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы тәрізді халықаралық ұйымдардың іс-қызметіне атсалысуын, сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянспен өзара ынтымақтастығын атады.
«Мемлекет басшылығының бағалауынша, Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2002-жылдың мамыр айында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасынан бірінші, жалпы 20-шы ел болып Солтүстік Атлантикалық Альянстың жоспарлау және қадағалау процессі жөніндегі бағдарламасына бірікті»,- деді М.Алтынбаев.
Қорғаныс министрі сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысушы әлемнің 13 мемлекетінің әскери атташелеріне Қазақстанның соғыстан кейінгі Иракты қалпына келтіру бағдарламасына біріккенін ескертіп өтті. «Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанның инженерлік -саперлік бөлімшесі тұрақтандырушы күштердің құрамында Иракта 500 мыңнан астам оқ-дәріні залалсыздандырды»,- деп атап көрсетті М.Алтынбаев.

Соңғы жаңалықтар