Түркия мен Қазақстан арасындағы футбол матчының Ыстамбұлдан берілетін көрсетілімі болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия мен Қазақстан арасындағы футбол матчының Ыстамбұлдан берілетін көрсетілімі болмайды

Түркия мен Қазақстан арасындағы футбол матчының Ыстамбұлдан берілетін көрсетілімі болмайды

"Қазақстан" ҰТА "ЕУРО - 2012" іріктеу турнирінің көрсетілімі болмайды, деп хабарлады «Қазақстан» телеарнасының сайты.

  • 2 Қыркүйек 2011
  • 591
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 2-ші қыркүйегі сағат 22.50 ге жоспарланған «ЕУРО — 2012» іріктеу турнирінің аясында Түркия мен Қазақстан арасындағы ойынның Ыстамбұлдан берілетін көрсетілімі болмайтынын хабарлаймыз», делінген таратылған хабарламада.

««Қазақстан» ҰТА ұзақ уақыт бойы осы кездесудің ТВ лицензиясын сатып алу мақсатында барлық мүмкүндікті жүзеге асыруға тырысты. Лицензия құқығын иеленуші компания (SPORTFIVE) өзінің құқық иеленуші екенін және оны ҚР аумағында «Қазақстан» ҰТА арқылы хабар тарату мүмкүндігіне пайдалануға болатынын растап келді.

Алайда, олар аталмыш кездесудің ҚР аумағында көрсетуге құқы жоқ екенін алға тартып, лицензия сатып алуға қарсылығын білдірді.

Болған жағдайды басшылыққа алған «Қазақстан» ҰТА соңғы сәтке дейін Түркиядағы әріптестерімен келіссөздер жүргізу арқылы, суб-лицензияға құқығы бар компаниядан көрсетілім лицензиясын 2.09.2011 ж дейін сатып алуға барын салды, бірақ мәселе оң шешімін таппады», — делінген сайтта.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера