Түркия Президенті лаңкестікпен күресу үшін мұсылман елдерінің майданын құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия Президенті лаңкестікпен күресу үшін мұсылман елдерінің майданын құруды ұсынды

Түркия Президенті лаңкестікпен күресу үшін мұсылман елдерінің майданын құруды ұсынды

Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған экстремизммен күресу үшін мұсылман елдерінің басшыларын бірыңғай майдан құруға шақырды, деп хабарлады  Gazeta.ru Hurriet түрік газетіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz

«Лаңкестердің әрекетіне қарсымын және барлық мұсылман елдерінің лидерлерін олармен күресу үшін бірыңғай майдан құруға шақырамын», — деді Эрдоған.

Сондай-ақ, Түркия Президенті «барлық мұсылмандар — лаңкес» деген мәлімдемені сынға алды.  Оның сөзіне қарағанда, кез келген дін өкілі жаман адам болуы мүмкін, «Ислам мемлекетін» исламмен байланыстыратындар қателеседі.

Осыған дейін Эрдоған гуманитарлық жауапкершіліктен құтылу үшін Еуропадағы көші-қон дағдарысын терроризмнің жаһандық қаупімен байланыстыруға болмайтынын айтқан.

13 қарашада кешке Парижде лаңкестік шабуылдар орын алды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 129 адам қаза тапты, жапа шеккендердің саны 352 адамды құрайды, 99-ның жағдайы ауыр.  


«Ислам  мемлекеті» — бірқатар елде тыйым салынған лаңкестік топ.

Соңғы жаңалықтар